Шартарап

Коронавирус бойынша әлемдегі ахуал қандай

  • https://www.sport-express.ru/

    https://www.sport-express.ru/

Коронавирусқа қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Ұлыбритания жаңа қайғылы рекорд орнатты: диагноз қойылғаннан кейін 28 күн ішінде тағы 1 325 адам коронавирустан көз жұмды, пандемия басталғалы коронавирус салдарынан 80 000 адам қайтыс болған. Осының аясында ел билігі үшінші коронавирус вакцинасы - америкалық Moderna компаниясының екпесін жедел сертификаттауға рұқсат берді.

 

Украина православие күнтізбесі бойынша Рождество мерекесін өткізгеннен кейін келесі күні локдаун жариялады, мерекелік демалыстан кейін індет жұқтырғандар саны күрт өсуі мүмкін деп болжанып отыр.

 

Португалияда 15 күндік төтенше жағдай режимі енгізілді. Тұрғындарға демалыс күндері сапарға шығуға тыйым салынды және елдің көп бөлігінде коменданттық сағат ұзартылды.

 

Желтоқсан айының соңында қатаң карантин енгізілген Чехияның Денсаулық сақтау министрі Ян Блатный екпе алғаннан кейін адамдар індетті жұқтыра алмайды деген сөзінен бас тартып, бұған нақты дәлелдердің жоқтығын мәлімдеді.

 

Франциянын туризм министрінің орынбасары Жан-Батист Лемуан 20 қаңтарға дейін елде эпидемиологиялық жағдай жақсарса, тау шаңғысы курорттарының жұмысына рұқсат берілетінін хабарлады.

 

Бұған дейін Франция премьер-министрі Жан Кастекс мейрамханалар кем дегенде ақпанның ортасына дейін жабық болтынын, ал тау шаңғысы курорттары ақпан айындағы оқушылар демалысына дейін жұмыс істемейтінін айтқан, өйткені елде індет өте тез таралып, ауруханалар науқастардың ағынына төтеп бере алмай жатыр.

 

Швеция парламенті жұма күні COVID-19 таралуын тоқтату мақсатында ел үкіметіне жаңа өкілеттік беретін пандемия туралы заңды қабылдады.

 

Швеция ешқашан локдаун енгізбеген болатын, бірақ соңғы айларда, коронавирус инфекцияның екінші толқынында елде індетті жұқтырғандар саны болжанған көрсеткіштен әлдеқайда көп тіркелді.

 

Жексенбіден бастап күшіне енетін жаңа заң бойынша үкімет кәсіпорындарды, сауда орталықтарын жауып, қоғамдық көліктің жұмысын тоқтата алады.

 

 

 




Көрілген: 446    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 21:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31