Шартарап

Коронавирус: Италия жіберген 4 қателік

  • Коронавирус: Италия жіберген 4 қателік

    Коронавирус: Италия жіберген 4 қателік

Гарвард университеті ғалымдарының пікірінше, Covid-19 бойынша құрылған италиялық кеңес әлемдік тәжірибедегі ең нашар кеңес болды. Олар италиялық үкіметтің қателіктерін атап көрсетіп, пандемияның ошағына айналмау үшін басқа елдер бұдан сабақ алуы керегін айтты.

 

Harvard Business Review басылымының жаңа мақаласында Гэри Пизано, Рафаэлла Саду және Мишель Занини секілді ғалымдар Италияның тәжірибесінен негізгі қорытынды жасады. Ғалымдар Италияның пандемия қаупімен күресу жолы қорқынышты. Алайда көптеген ел осы жолмен жүруде. Covid-19 пандемиясы бүкіл әлемге таралды. Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур және Тайвань сияқты елдерде қолданылатын іс-қимыл тәжірибесі мен емдеу саясаты туралы көп жазылған. Дегенмен, авторлардың пікірінше кейбір елдің саясаткерлері ел аумағына короновирустың келуі күтпеген жағдай болаған секілді сыңай танытады

 

Олар бастапқы кезде Италияда жіберілген қателіктерді қайталады, сол арқылы өздерінің мүлдем дайын емес екенін көрсетеді.

 

Популистер пандемиядан пайда көріп отыр

 

Болған жағдайды мойындау — пандемияға жауап қатудың ең дұрыс жолы. Көптеген елдерде жеке тұлғалар мен мемлекеттік шенеуніктер әлі күнге дейін Covid-19 қаупіне күмәнмен қарайды. Олар өлім-жітімнің төмендігі туралы және жыл сайын маусымдық тұмаудан бұдан да көп адам өледі ғой деп, қатаң шаралар қабылдауды қажетсіз деп санайды.

 

Бастапқы кезеңдерде Италиядағы Covid-19 дағдарысына дағдарыс ретінде қарамады. Алғашында төтенше жағдай туралы мәлімдемелерге қоғам өкілдері, тіпті саяси топтар да күмәнмен қарады

 

Денсаулық сақтаудың беделді мамандары бірнеше апта ішінде мүмкін болатын апат туралы ескертті. Алайда, ақпан айының соңында Миланда италияндық саясаткерлер тобы көпшілік қол алысу рәсімін ұйымдастырды.

Олар вирус салдарынан экономикаға қандай да бір қауіп келеді деп үрейленудің қажеті жоқ екенін көрсеткісі келді

 

Бір аптадан кейін осы саясаткерлердің бірінде Covid-19 диагнозы қойылды.

 

Пандемиялар сызықтық емес түрде дамиды. Яғни барған сайын күшейеді. Жағдайдың тез өзгеретіндіктен, мұндай қауіп-қатерлерге қарсы тұру қиын. Сондықтан батыл іс-әрекеттерді ерте кезден қабылдаған жөн. Тіпті алғашқы жұқтырғандар пайда болғанға дейін де әрекет ету керек.

 

Бірақ саясаттанушылар бұндай шараларға дайын емес еді. Ерте кезде алдын алса, вирустың қаншалықты қауіпті екені білінбей қалады ғой. Жағдайға байланысты қабылданған қатаң шаралар халық пен бизнес өкілдерінің тарапынан сынға ілігеді. Ал үлкен қауіп төндіретін пандемиямен күрес үлкен саяси пайда әкеледі

 

Бастаған істі аяқсыз қалдыру

 

Италиялық тәжірибеден алатын екінші сабақ — жүйелі тәсілдердің маңыздылығы мен жеке шешімдердің қауіптілігі.

 

Италиялық үкімет «қызыл аймақтарда» шараларды күшейтті. Сондай-ақ, оқшаулау аймағын біртіндеп кеңейтті, ал бұл уақытта ауру бүкіл елге тарап кетті.

 

Әдеттегі уақытта мұндай тәсіл ақылға қонымды болуы мүмкін. Алайда бұл жағдайда апатты жағдайдың туындауының екі себебі бар.

 

Біріншіден, бұл шаралар вирустың тез таралуымен үйлеспейді. Оқшаулар әрекеттері қолданылғанымен,

Италия вирустың таралуының алдын алған жоқ, ол жай ғана бақылап отырды

 

Екіншіден, таңдамалы тәсіл де вирустың таралуына себеп болуы мүмкін. Мәселен, кейбір аймақтардың шекарасын жабу туралы шешім қабылданғанмен, басқа аймақтарда ешқандай алдын алу шаралары жасалмады. Солтүстік Италияны жабу туралы шешім қабылданғанда, халық жаппай елдің оңтүстігіне қарай ұмтылды. Яғни вирус бұрын болмаған жерге таралды.

 

Авторлар вирусқа қарсы тиімді жауап қату үшін барлығы бірдей мақұлдаған әрекеттер жүйесі бір уақытта қабылдануы керек - деп атап өтті.

 

Мысалы, Қытай мен Оңтүстік Кореядағы секілді болуы қажет. Ауру жұқтырған адамдардың кіммен байланысқанын мұқият анықтап, тестілеу жүргізу ғана оң нәтиже береді.

 

Бұл ережелер Денсаулық сақтау жүйесінің өзін ұйымдастыруға да қолданылады. Пациентке бағдарланған үлгілерден барлық халыққа арналған (үйде отыруға ерекше назар аудару арқылы) пандемиялық шешімдерді ұсынатын жүйеге көшу қажет

 

Тез арада үйрену керек

 

Гарвард сарапшылары Оңтүстік Кореяның немесе Тайванның тәжірибесін яғни коронавирус қатері төнген сәтте-ақ нәтижелі шаралар қабылдаған аумақтарды қарастырмаған. Көптеген ел уақыт жоғалтып алды, бұл вирустың таралуының басты себебі.

 

Бірақ Италияның өзінде назарға алатын мәселелер бар. Италиялық көршілес провинциялар Ломбардия мен Венето түрлі жолмен коронавирусқа қарсы әрекет еттіп, екі түрлі нәтижеге қол жеткізді. Ломбардияда (10 млн адам) 35 мың Covid-19 вирусын жұқтырып, 5 мың адам көз жұмды.

 

Венетода 5 млн адам тұрады, 7 мың адамнан коронавирус анықталып, 300-ге жуық адам қаза болды.

 

Венето билігі өз провинция аумағында вирусты тоқтату үшін келесідей шараларды қабылдады:

 

* симптомдары бар адамдарды да, симптомдары жоқ адамдарды да ауқымды тестілеу;

* проактивті бақылау: егер біреу оң нәтиже берсе, ол байланысқа түскен адамдардың барлығына тест жасалады, ал егер тесттер қол жетімді болмаса, бұл адамдар бетінше карантинге кетуге тиіс болды;

* үйден күтіну мен диагностикаға назар аудару. Медицина қызметкерлері вирус жұқтыруы мүмкін деп күдіктенген адамдардың үйлеріне барып, талдау жасады. Бұл таралу қаупін төмендетті;

* медициналық қызметкерлердің және басқа да осал қызметкерлердің мониторингі. Дәрігерлер, медбикелер, қарттар үйінде күтуді қамтамасыз ететін адамдар, тіпті азық-түлік дүкенінің кассирлері мен фармацевтер вирус жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан оларға қорғаныс құралдары жеткілікті көлемде берілді.

 

Ломбардияда осы бағыттар бойынша қатаң тәртіптер болмады. Нәтижесінде ауруханалар ауру жұқтырған адамдарға толып кетті, инфекция болса сәт сайын ауқымын кеңейтіп, тарап жатты. Олар Венеттода өз нәтижесін көрсеткен шараларды қабылдау үшін бір апта уақыт жұмсады.

 

Нақты және шынайы ақпарат

 

Италия деректерге байланысты екі мәселеден зардап шегеді. Пандемия таралған бастапқы кезеңде, шынайы ақпарат берілмеді. Бұл саналы түрде жасалды ма, әлде жүйедегі қателіктер болды ма әйтеуір, бастапқыда кейбір ауруханаларда инфекцияның өршуін ешкім назарға алмады.

 

Қазір нақты дерек беретін сәт. Атап айтқанда, тіпті ел ішінде ресми деректер бойынша әртүрлі ақпарат беріледі. Бұл пандемияны басқаруды айтарлықтай қиындатады, себебі шын мәнінде салыстырмалы деректер болмаған кезде (елдер ішінде және арасында) ресурстарды бөлу және не және қайда жұмыс істейтінін түсіну қиын. Мысалы, халықты тиімді бақылауға кедергі келтіреді.

 

Деректерді, соның ішінде дәрігерлерден жасырудың орнына толық ашықтық қажет. Ең болмағанда, бүкіл әлем бойынша микро және макродеңгейде қабылданатын шаралардың қаншалықты тиімді екенін бағалау үшін қажет.

 

Тек нақты деректер болған жағдайда ғана денсаулық сақтау саласындағы саясаткерлер мен мамандар қабылданған шаралардың тиімділігін бағалай алады. 




Көрілген: 1156    Пікірлер: 0

сейсенбі, 31.03.2020, 18:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31