Шартарап

Коронавирус: Израильде алғаш рет індеттен ешкім көз жұмған жоқ

  • Фото ©REUTERS

    Фото ©REUTERS

Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Израильде 10 айда алғаш рет тәулік ішінде COVID-19-дан бір де бір өлім жағдайы тіркелген жоқ. Бұған дейін 10 күн ішінде күнделікті өлім-жітім саны бес адамнан аспады, ал 22 сәуірде ол біреуге дейін азайды.

Қазіргі уақытта Израиль әлемдегі вакцинацияның ең жоғары деңгейіне ие. Бейсенбіде елде вакцинаның екі дозасын қабылдағандардың саны 5 миллионнан асты. ⠀

 

Үндістан күніне алғаш рет коронавируспен ауыратындар саны бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Өлім деңгейі мен жұқтырғандардың жалпы саны бойынша ол АҚШ-тан кейінгі екінші орында.

Бұл ретте елде халықтың 10% жуығы вакцинацияланды.

 

Германияда 300-ден астам қала мен округте карантин күшейтіліп, коменданттық сағат кешкі 10-нан бастап күшіне енеді. Қатаң шектеулер кем дегенде маусым айының соңына дейін қолданылады.

Берлинде жағдайды вакцинация арқылы бақылауға алуға болады деп күтілуде.

 

Италияда кафелер мен мейрамханалар ашылуға дайындалып жатыр: дүйсенбіде олар алғашқы келушілерді қабылдай алады, бірақ әзірге тек террассада ғана рұқсат етілген.

 

Грекияда сенбі күнінен бастап сатып алушылар азық-түлік сатпайтын дүкендерге де кіре алады. Бұған дейін олар тек тапсырыспен жұмыс істеген. Енді сауданы бұрынғыдай жасауға мүмкіндік берілді. Сонымен қатар, шаштараздар мен сұлулық салондары жұмысы қайта жанданды.

 

 

 




Көрілген: 445    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.04.2021, 01:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30