Шартарап

Коронавирус жұқтырған бас дәрігер өз-өзіне қол жұмсаған

  • © FOX News

    © FOX News

Нью-Йоркте Манхэттеннің солтүстігіндегі аурухананың бас дәрігері Лорна Брин өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Medialeaks.

 

Портал мәліметінше, 49 жастағы дәрігер коронавируспен күресте алдыңғы шепте жүрген екен. Жақында бас дәрігердің өзінен коронавирус анықталып, оны жұмыстан босатқан.

 

Брин соңына дейін науқастармен жұмысты жалғастыру керегін айтқан. Әріптестерінің айтуынша, Брин ауруханадан тыс жерде де жансақтау бөлімінде көз алдында болған қиын сәттерді жиі еске алып отыратын. Оның көз алдында вирус жұқтырған бірнеше науқас қайтыс болған екен. Нәтижесінде Брин науқастармен жұмыс кезіндегі эмоциялық күйді жеңе алмаған.

 

"Ол өзінің жұмысын істеуге тырысты және ол оның өліміне себеп болды. Бринді батыр ретінде еске алайық. Оның өлімі - науқастардың өлімімен тең пандемияның салдары", - дейді дәрігердің жақындары.

 

 

Еске салайық, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 1 миллионнан асты. Оның ішінде Нью-Йоркте 301 450 науқас анықталған.

 

kaz.tengrinews.kz




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30