Шартарап

Коронавирус жұқтырған медбике өз-өзіне қол жұмсады

  • Фото: twitter.com/eha_news

    Фото: twitter.com/eha_news

Италияның Монца қаласында қызмет ететін медбике коронавирусқа тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткеннен кейін өз-өзіне қол жұмсады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ге сілтеме жасап.

 

34 жастағы медбике Даниэла Трецци қарқынды терапия бөлімінде жұмыс істеген, бірақ 10 наурыздан бастап коронавирус инфекциясының белгілері пайда болуына байланысты карантинде жатыпты.

 

Ауру сынағы оң нәтиже көрсеткеннен кейін әйел адам өз-өзіне қол жұмсаған. Ол ауруды басқаларға жұқтырып алудан қорқып, осындай қадамға барған көрінеді.

 

Италияның медбикелер ұлттық федерациясында оның өлімін растады және болған оқиғаға қатысты алаңдаушылық білдірді.

 

Олар Трецци күшті күйзелістен зардап шеккенін атап өтті. Себебі медбике қауіпті вирусты ет жақындарына, өзге адамдарға жұқтырудан қатты қорыққан.

 

Естеріңізге сала кетейік, Англияда коронавирус инфекциясымен жансақтау бөлімінде жатқан науқас әлем халқына үндеу жасады.

 

Ер адам көпшіліктен сақтық шараларын барынша ұстап, ет жақындарының өмірін қатерге тікпеулерін өтінді.

 

Қарқынды терапия бөлімінде жатқан британиялық азамат адамдарға коронавирустың қауіпті екенін ескертті. Ол өзіне ауру жұқпайды деп есептейтін, карантинді сақтамайтындарға үндеу жолдады..

 




Көрілген: 1811    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.03.2020, 17:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31