Шартарап

Коронавирус жұқтырған науқастар ауруханасы өртеніп, 54 адам қаза тапты

  • Коронавирус жұқтырған науқастар ауруханасы өртеніп, 54 адам қаза тапты

    Коронавирус жұқтырған науқастар ауруханасы өртеніп, 54 адам қаза тапты

Ирактың оңтүстігінде Ди-Кар провинциясындағы Эн-Насирия қаласында коронавирус жұқтырған науқастарға арналған ауруханадан өрт шықты. Қаза болғандар саны 54 адамға дейін жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Бұған дейін 38 адамның ажал құшқаны хабарланған еді.

 
Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, ауруханадағы өрт оттегі баллонының жарылуынан болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады, бірақ кейбір науқастар әлі ауруханадан шыға алмай отыр.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, араб республикасының премьер-министрі Мустафа аль-Казыми трагедия орнына аттанды. Денсаулық сақтау департаменті провинцияда төтенше жағдай жариялады.

Қазір Ирактың оңтүстігінде аптап ыстық, сынап бағанасы күндіз көлеңкелі жерде 50 градусты көрсетеді.

Иракта коронавируспен ауыратындарға арналған ауруханада өрт алғаш рет болып отырған жоқ. Сәуір айының соңында Багдад қаласында "Ибн аль-Хатыб" ауруханасы өртеніп, 82 адам көз жұмды, тағы 11 адам жарақат алды.

 




Көрілген: 474    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 12:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30