Шартарап

Коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу тәртібі өзгерді

  • https://www.gazeta.ru/

    https://www.gazeta.ru/

Ресейде індеттің таралуы бәсеңдемей тұр. Соңғы күндері 20 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып алды.

 

Ал Сеченск университетінің ғалымдары коронавирусты анықтау үшін қолданылатын «полимеразды тізбекті реакция» әдісімен жүргізілетін тестілердің жартысына жуығы қате болып шығуы мүмкін деп мәлімдеді.

 

«Сондықтан вирусты анықтау кезінде ПТР тексерісіне сүйенуге болмайды», &ndash дейді мамандар.

 

Ресейде коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу тәртібі өзгерді. Енді COVID-19 диагнозы қойылған адамдар үйінде де емделе алады. Бірақ ол үшін жеке бөлмесі болуы керек.

 

Егер вирусты жұқтырған адам жатақхана сияқты орында немесе созылмалы ауруы бар қарт адаммен бір пәтерде тұрып жатса, онда ол ауруханаға жатқызылуы тиіс.

 

Оксана Драпкина, Ресей денсаулық сақтау министрлігінің бас терапевті:

 

&ndash Алдымен науқас ешқайда шықпай үйде оқшаулануы тиіс. Өзінің жеке ыдыс-аяғы болуы қажет. Жұмысына қоңырау шалып, ескертіп, содан кейін емханаға хабарласып, өзінің жағдайын айтуы керек.

 

Ресейде коронавирус індетінің таралуы бәсеңдемей тұр. Мәскеуде билік жоғарғы сынып оқушыларын қашықтан оқуға көшіргеніне қарамастан жағдай тұрақталмаған.

 

Бірақ қала мэрі қатаң шектеулер енгізілмейтінін айтады. Мәскеу облысы губернаторы да аймақта жағдайдың ауыр екенін жеткізді. Өңірлерде коронавирусты емдеуге қажетті дәрі-дәрмек жетіспеуде.

 

Андрей Воробьев, Мәскеу облысының губернаторы:

 

 &ndash Қазір жағдай қиын. Аймақта вирусты жұқтырып, ауруханаға түсіп жатқандар көп. Соңғы бір тәулікте дертті 12 мың адам жұқтырып алып, антирекорд орнады.

 

Бірақ билік экономиканы алға тартып, қатаң шектеулер енгізуден бас тартып отыр. Себебі індеттен мемлекет орасан шығынға батқан.

 

 

24.kz




Көрілген: 580    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 09.11.2020, 15:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31