Шартарап

Коронавирус жұқтырған Том Хэнкс емдеу курсынан кейін ауруханадан шықты

  • Фото: Getty Images. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: Getty Images. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Танымал голливудтық актер Том Хэнкс пен оның әйелі коронавирусты емдеу курсын аяқтап, ауруханадан шықты. 63 жастағы ерлі-зайыптылар жалдамалы үйге 14 күндіу карантинге жіберілді деп жазады KAZ.NUR.KZ woman.ru сайтына сілтеме жасап.

 

Том Хэнкс пен Рита Уилсон пандемия кесірінен үрей мен уайымға салынған көпшілікке үміт отын сыйлауда. Ерлі-зайыптылардың инфекцияны жұқтырып алғаны өткен аптада белгілі болды. Алайда, бүгін 17 наурыз күні олардың ресми өкілдері актер мен жары медициналық мекемеден шыққанын хабарлады.

 

Жұлдызды жұп емдеу курсын австралиялық клиникада өткен болатын. Коронавирус анықталған сәтте Том Хэнкс әйгілі Элвис Пресли туралы фильмнің түсіріліміне қатысып жүрген. Warner Bros. киностудиясының жобасында ол әншінің менеджері Том Паркердің рөлін сомдаған.

 

63 жастағы ерлі-зайыптылар ауруханада бес күн шамасында болды. Медициналық мекемеден шыққан соң олар жалға үй алып, 14 күндік карантинді сол жерде өткізуді жоспарлап отыр. Том Хэнкс қолдау білдірген барша жанкүйерлеріне алғыс айтып, оларға бір-біріне қамқор болуға шақырды.

 




Көрілген: 209    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 17:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30