Шартарап

Коронавирус қайдан шықты – ДДҰ тексерістің есебін жариялады

  • Коронавирус қайдан шықты – ДДҰ тексерістің есебін жариялады

    Коронавирус қайдан шықты – ДДҰ тексерістің есебін жариялады

Ухань қаласында ресми түрде алғашқы науқас тіркелгенге дейін вирустың бірнеше түрі болған. Ал теңіз өнімдері базарына түскеннен кейін инфекция жылдам тарай бастады
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының арнайы комиссиясы Ухань қаласына жасаған сапардың есебін жариялады. Ғалымдар SARS-CoV-2 коронавирусының қай жерден шыққанын зерттеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

ДДҰ-ның өкілдері коронавирус жұқтырған алғашқы пациенттерді Ухань базарынан, тіпті Қытайдан тыс жерде іздеуді ұсынып отыр. Себебі жаңа коронавирустың Қытай Халық Республикасынан шыққанына нақты дәлел жоқ.

Ғалымдар алдымен медициналық құжаттарды зерделеп, алғашқы пациенттің 2019 жылы 8 желтоқсан күні тіркелгеніне көз жеткізді. Респираторлық аурулар туралы мәліметтерге сәйкес, желтоқсанға дейін қандай да бір аурудың өршуі болған жоқ.

Ал ауруханаға коронавируспен түскен ең бірінші науқастардың теңіз өнімдері базарына еш қатысы жоқ. Оған қоса, SARS-CoV-2 геномдарын талдау кезінде алғашқы пациенттің сынамасы базардағы коронавирустан өзгеше болып шықты.

"Осының негізінде комиссия мүшелері Уханьда ресми түрде алғашқы науқас тіркелгенде қаланың өзінде вирустың бірнеше түрі болғанына болжам жасап отыр. Ал теңіз өнімдері базарына түскеннен кейін инфекция жылдам тарап кеткен", – делінген ұйым есебінде.
ДДҰ сарапшылары жаңа вирустың жабайы аңдар арқылы тарады деп санайды.

Алайда, нақты қай түрі екенін айта алмай отыр. Олардың пайымдауынша, адамдарға жақын коронавирустар жарқанаттар мен панголиндерде кездеседі. Дегенмен, дәл SARS-CoV-2 вирусымен жүрген бірде-бірде жануар табылмады. Жабайы табиғатта, фермада, тіпті базарда ондай аңдар анықталған жоқ.

Бір ғана ғана дәлел бар
Коронавирустың жабайы жануарлардан жұққанына бір ғана ғана дәлел бар. Бұған дейінгі эпидемиялар кезінде инфекция жабайы табиғаттан келген. Алайда, 2019 жылы анықталған COVID-19-ға қатысты нақты дәлел жоқ.

Ұйым өкілдері вирустың Ухань қаласындағы зертханадан шығып кеткенін де растамады. Олар қытайлық әріптестерінің есептерін зерделеп шықты. Сол кезде ешқандай техникалық ақаулықтар болған жоқ. 2019 жылы қараша-желтоқсан айында хаттаманы бұзу фактілері де тіркелмеді.

Соған қарамастан, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның сарапшылары іздеу шараларын жалғастырады. Себебі бүгінде олар SARS-CoV-2 шығуына қатысты бірде-бір болжамды қабылдай алмай отыр, жоққа шығаруға да негіз жоқ.

Айта кетейік, ДДҰ-ның халықаралық комиссиясы Ухань қаласына 2021 жылы қаңтар айында, яғни бір жылдан кейін ғана барды. SARS-CoV-2 Қытайдан шықты деген болжамдар болған.
 
 




Көрілген: 932    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.03.2021, 16:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31