Шартарап

Коронавирус: Моңғолиялық оқушылар сабақты телеарна арқылы оқиды

  • Коронавирус: Моңғолиялық оқушылар сабақты телеарна арқылы оқиды

    Коронавирус: Моңғолиялық оқушылар сабақты телеарна арқылы оқиды

Әлемді алаңдатқан коронавирустан сақтану шарасы әр елде әр түрлі деңгейде жүргізіліп жатыр, деп жазды BAQ.KZ.

Әсіресе Қытаймен тікелей шекараласатын елдерде сақтық шарасы күшейтілген деңгейге өтті.

Бұл тұрғыда Моңғолия Республикасы 27 қаңтардан бастап 2 наурызға дейін барлық мектептерде, Жоғары оқу орындары мен колледждерде сабақты тоқтатқан болатын.

Моңғолияның Білім, мәдениет, ғылым, спорт министрлігі елдегі 18 телеарнадан оқушыларға арнап мектеп бағдарламасын телеарна арқылы оқытуды қолға алу туралы шешім шығарды.

3 ақпанда басталатын теле-сабақтың күнтізбесі мен сағат бөлінісі жасалды. Білім министрлігінің мәліметіне қарағанда 402 рет эфирден берілетін 40 сабақтың ұзақтығы 6357 минутқа созылады. Теле-сабаққа орай 170 мұғалім арнайы дайындықтан өткен.

 

 

Әр сыныптың теле-сабағы әр түрлі арнадан беріледі. Ал өзге ұлт өкілдерінің оқушылары үшін жергілікті телеарналар жұмылдырылатын болады.

 

 

Бүгін Моңғолия үкіметінің жалпы отырысында Білім министрі сабақ кестесімен таныстырды. Күніне 2-4 пәннен өтетін теле-сабақтың ұзақтығы 10-20 минутқа жалғасады.

Алғашқы аптада теле-сабақ тек моңғол тілінде өтсе, бір аптадан кейін сол елде тұратын қазақ балалара арнап қазақ тілді теле-сабақтар да өте бастайды. Бұл үшін қазір арнайы мамандар жұмыс істеп жатыр.

Телеарналардан берілетін сабақты Моңғолия телевизия одағы өз мойнына алған. Мемлекет тарапынан ешқандай қаржысыз, барлық сабақты тегін жазып, эфир уақытына да тегін шығарып отыр.




Көрілген: 239    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.01.2020, 21:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30