Шартарап

Коронавирус пандемиясы: Италияда көз жұмғандардың 99 пайызының ауыр сырқаттары болған

  • Коронавирус пандемиясы: Италияда көз жұмғандардың 99 пайызының ауыр сырқаттары болған

    Коронавирус пандемиясы: Италияда көз жұмғандардың 99 пайызының ауыр сырқаттары болған

Италия денсаулық сақтау министрлігінің зерттеуіне сәйкес, елдегі коронавирустан қайтыс болған адамдардың 99 пайыздан астамы басқа да ауыр ауруларға шалдыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Epicentro зерттеуіне сілтеме жасап.

Елімізде осы вирустан қайтыс болғандар саны үш мыңнан асқаннан кейін денсаулық сақтау органдары бұл деректерді талдады.

Зерттеу көрсеткендей, қайтыс болған науқастардың тек үшеуінде ғана коронавирустан басқа ауруы болаған. Қайтыс болғандардың жартысына жуығында (48,5 пайызы) басқа да үш ауру болған. 25,6 пайызында екі ауру бар, 25,1 пайызында бір қосымша ауру бар.

Зерттеулерге сәйкес, көбінесе қан қысымы, жүрек ауруы немесе қант диабеті бар адамдар коронавирустан қайтыс болады. Зерттеу сонымен қатар Италияда вирустың салдарынан қайтыс болған адамдардың орташа жасы 79 жарым жас екенін көрсетті. Әйелдер арасындағы өлім деңгейі еркектерге қарағанда жоғары.

Естеріңізге сала кетейік, Италия коронавирус құрбандарының саны бойынша Қытайды басып озды. Дүниежүзілік статистика мәліметі бойынша, елде 3405 өлім тіркелген. Италияда барлығы 41 035 іс тіркелген.




Көрілген: 275    Пікірлер: 0

сенбі, 21.03.2020, 00:10

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30