Шартарап

Коронавирусқа қарсы екпе салдырған Путин өзін қалай сезінетінін айтты

  • Коронавирусқа қарсы екпе салдырған Путин өзін қалай сезінетінін айтты

    Коронавирусқа қарсы екпе салдырған Путин өзін қалай сезінетінін айтты

Ресей президенті Владимир Путин коронавирустың жаңа түріне қарсы вакцина салдырғаннан кейін өзін қалай сезінетінін айтты деп хабарлайды "Россия 1".

Путин нақты қандай вакцина салдырғанын айтпаған. Дегенмен оған ресейлік препараттың салынғаны белгілі.

Ресей басшысының сөзінше, алғашқы бес сағатта қандай да бір ерекше белгілер болмапты. Айтуынша екпе егілген орнын басса әлі де жайсыздық тудырады.

"Екпе салған соң таңертең оянғанымда мен өзімді аздап нашар сезінгендей көріндім. Қызуөлшегішті алып, қызуымды өлшедім. Қызуым қалыпты екен", - дейді Путин.

Алғашқы үш күнде оның хоккей ойнап, спортзалға барып, жүзуден бас тартуына тура келген.

"Бірақ келесі күні қызуымды өлшеген кезде, ваннаға түсуден бас тартпадым. Өйткені мен мұны күн сайын дерлік істеймін. Егер жанымда ванна болмаса, онда ыстық-суық душ қабылдаймын. Менің ойымша, бұл иммунитетті аздап көтеретін ең қарапайым әрі ең тиімді процедура", - дейді Путин. 

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескен еді.

Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге "Спутник V" вакцинасының қосымша бөлігін жеткізу жайында өтініш білдірді.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың әлеуетін одан әрі арттыруға қатысты ұстанымдары сәйкес келетінін айтып, серіктестіктің бұл бағытында тығыз ықпалдаса жұмыс істеуге келісті. 

kaz.nur.kz




Көрілген: 563    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.03.2021, 11:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31