Шартарап

Коронавирусқа қарсы сағыз-препарат дайындалып жатыр

  • © AP Photo / Luca Bruno

    © AP Photo / Luca Bruno

Ресейдің қорғаныс министрлігі сағыз түрінде болатын коронавирусқа қарсы препаратты дайындауға кірісті. Бұл жөнінде РИА Новости ақпарат порталына әскери ведомствоға жақын тұлға хабарлаған.

 

Бұл бағыттағы жұмыстар "48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институтында" жүріп жатқаны белгілі болды.

 

"Препараттың пайдалы қасиеттерін оны қолданудың қолайлы пішінімен үйлестіру жаңа коронавирус инфекциясымен тиімді күресуді қамтамасыз етеді", - деді ол агенттікке.

 

Сонымен қатар институтта пастила түрінде коронавирусқа қарсы мукозальді вакцина дайындалып жатыр.

 

"Сынақтар аяқталғаннан кейін бұл вакцина түрлі емдеу әдістеріне кіріктіріліп, қазір қолданыстағы профилактикалық емдеу препараттарын қолдану механизміне қосымша ретінде пайдаланылады", - деді әскери ведомство өкілі.

 

Өткен жылы Ресей қорғаныс министрлігінің 48-ші Орталық ғылыми-зерттеу институты Гамалея атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиологияны зерттеу орталығымен бірлесіп SARS-CoV-2 вирусына қарсы рекомбинантты "Спутник V" препаратын дайындады.

 

 

 

sputnik.kz

 

 




Көрілген: 421    Пікірлер: 0

жұма, 18.06.2021, 21:37

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31