Шартарап

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ер адам 8 минуттан кейін ажал құшты

  • Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ер адам 8 минуттан кейін ажал құшты

    Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған ер адам 8 минуттан кейін ажал құшты

Дәрігерлер ғылыми тұрғыда ешқандай вакцинациядан кейін өлім болмағанын еске салып, мұны вакцинациямен қатар келген кенеттен болған ажал деп санайды.

Грецияның Крит аралындағы Ираклион университетінің ауруханасында 85 жастағы ер адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, сегіз минут өткеннен кейін ажал құшты деп хабарлайды РИА Новости.

Егде жастағы азамат вакцина салдырғаннан кейін күту залына барып отырған, кенет орнынан құлап түскен. Дәрігерлер дереу жүгіріп келіп, жәрдем берген.

Алайда қарияны жансақтау бөліміне ауыстырмақ болғанда ол көз жұмған. Алғашқы болжам бойынша, қарт кісінің өлімі вакцинациядан және аллергиялық анафилактикалық шоктан емес, керісінше, басқа себептерге байланысты болған.

Дәрігерлер ғылыми тұрғыда ешқандай вакцинациядан кейін өлім болмағанын еске салып, мұны вакцинациямен қатар келген кенеттен болған ажал деп санайды. Дегенмен олар өлімнің нақты себебін анықтау үшін тез арада сот-медициналық сараптамасын жүргізуді талап еткен.

Айта кетейік, Грецияда коронавирусқа қарсы вакцинация өткен жылдың 27 желтоқсанда басталды. Қазір күн сайын 20 мыңнан аса адамға вакцина егіледі.

Греция Pfizer/BioNTech және Moderna вакциналарын пайдалануда. 15 ақпаннан бастап AstraZeneca вакцинасын қолдана бастаған. Препарат 60 жастан 64 жасқа дейінгілерге ғана салынады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, қазіргі уақытта әлемде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 108 миллионнан асқан. 2,3 миллионнан астам адам пандемияның құрбаны болған.




Көрілген: 1782    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.02.2021, 12:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30