Шартарап

Коронавируспен ауырғандарды емдеуге тырысқан пастор COVID-19-дан қайтыс болды

  • Фото: Journal du Cameroon

    Фото: Journal du Cameroon

Камерунның Дуала қаласында пастор коронавирусты емдей аламын деп мәлімдеп, алайда өзі ауру жұқтырғаннан кейін бір аптаға жетпей көз жұмған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 

Пастор Франклин Ндифор (Frankline Ndifor) 2018 жылы президенттікке үміткерлер болған тоғыз кандидаттың арасында жетіншісі болған. Ндифор коронавирусты емдеуге тырысып, кейбір келушілердің жазылып кетуі үшін дұға еткен. Нәтижесінде Ндифордың өзі инфекция жұқтырып, тыныс алуы қиындайды. Жағдайы ауырлаған оған дәрігер шақырады, алайда пастор жедел жәрдемнің көмегінен кейін 10 минуттан соң қайтыс болды.

 

Ндифор дүниеден озғаннан кейін, жақтаушылары оны пайғамбар деп жариялады. 16 мамыр күні сенбіде санитар дәрігерлер марқұмның денесін алып кетуге тырысқанда, пастордың жақтаушылары оның үйіне кіреберісті жауып тастаған. Ндиордың ізбасарлары демалыс күндері пастордың қайта тірілуі үшін ән айтып, дұға еткен.

 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері Ндиифордың үйіне кіріп, оның денесін алып шықты. Коронавирус жөніндегі жұмыс тобының өкілдері пасторды өз резиденциясының алдына жерледі.

 

Денсаулық сақтау қызметкерлері пастормен байланысқа түскендердің барлығын ауруханаларға барып, коронавирусты тексеруден өткізуді сұрайды.

 




Көрілген: 591    Пікірлер: 0

бейсенбі, 21.05.2020, 15:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30