Шартарап

Коронавирустан қай елдер ұтты. Сарапшылар пікірі

  • © pixabay.com

    © pixabay.com

Әлемнің үш елі COVID-19-тың жаппай таралуын тоқтатты, енді олардың валютасы күшейіп келеді. Австралия, Жаңа Зеландия мен Оңтүстік Корея коронавирусты жеңіп шықты. Бұл туралы CNBC хабарлайды.

 

Мамандардың айтуынша, бұл үш мемлекет індеттің таралуын барынша жылдам тоқтатып, соның арқасында мекемелер мен өндіріс орындарында жұмыс қайта жанданды. Енді олар инвесторлар үшін де тартымды, ал мұның өз кезегінде ұлттық валютаның нығаюына себебі мол.

 

Одан қалды осы үш елдің басты серіктестерінің бірі саналатын Қытай да шектеулерді алып, қалыпты өмірге орала бастады.

 

Бұған дейін Австралия мен Жаңа Зеландияда карантиндік шаралар алынғанын хабарлағанбыз.

 

Қазіргі уақытта әлемде бұл індет анықталмаған ел жоқ. Вирус жұқтырғандар саны 3,1 миллионнан асса, 200 мыңнан астам адамның ажалына осы кесел себеп.

 

Австралияда коронавирус жұқтырғандар саны – 6744, Жаңа Зеландияда − 1474, ал Оңтүстік Кореяда 10 752 адамға жеткен.

 

24.kz




Көрілген: 682    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 10:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30