Шартарап

Коронавирустан үйде жатып сақтанған әлем халқына мүшеқап та жетіспей қалды

  • Коронавирустан үйде жатып сақтанған әлем халқына мүшеқап та жетіспей қалды

    Коронавирустан үйде жатып сақтанған әлем халқына мүшеқап та жетіспей қалды

«Сіздерге ұнаса да, ұнамаса да, көпшілік қолданады. Індет кезінде адамдардың бала сүюді жоспарлауды кейінге шегеруін ескерсек, дәл қазір нағыз сақтануды талап ететін кез екені анық», - дейді мүшеқап компаниясының директоры.
Коронавирустың салдарынан төтенше жағдай енгізіліп, карантин жарияланған соң, Durex брендімен мүшеқап өндіретін малайзиялық Karex Bhd компаниясы да жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Айта кетсек, ол бұған дейін әлемнің 140 мемлекетін жылына 5 миллиард мүшеқаппен қамтамасыз еткен, деп жазады 
Skifnews.kz ақпарат порталы, bigmir.net-ке сілтеме жасап.

«Фабрикамыздың жұмысы бір аптадан бері тоқтап тұр. Біз барлық жерде мүшеқаптың тапшылығын көреміз. Ол жаһандық мәселеге айналып отыр. Мәселен, Африка мемлекеттеріне жөнелтілетін гуманитарлық көмек екі апта немесе бір айға жетпеуі де мүмкін. Тапшылық бірер айларға созылуы ықтимал», - дейді компанияның бас директоры Миа Киат.

Билік 27 наурызда мүшеқап компаниясына 50% жұмысшыларын ғана тартып, жұмысты қайта бастауға рұқсат берген. Енді одан алдағы уақытта тезірек фабриканы іске қосу, барынша сұраныстарды уақытылы орындау талап етілетін болады.

Осылайша, Karex Bhd компаниясы Durex брендін әлемге сату мен жөнелтуді қайта жалғастырмақ. Себебі, осы күнге дейін сұранысқа ие болып келген бұл өнімнің елдің бәрі үйінде жатқан дәл қазіргі сәтте еселеп қажет болатыны сөзсіз.

«Сіздерге ұнаса да, ұнамаса да, көпшілік қолданады. Індет кезінде адамдардың бала сүюді жоспарлауды кейінге шегеруін ескерсек, дәл қазір нағыз сақтануды талап ететін кез екені анық», - дейді компания директоры.

Еске сала кетсек, Малайзия – Азияның оңтүстік-шығысындағы коронавирустан көбірек жапа шеккен мемлекет. Қазір онда індетті 2161 адам жұқтырып, оның 26-сы қайтыс болған. Сол себепті, елге 14 сәуірге дейін қатаң карантин енгізілген.

Бұл мемлекет әлемді тек мүшеқаппен ғана емес, 60%-ын медициналық резеңке қолғаппен де қамтамасыз етіп отыр. Қазір оның да жетіспеушілігі байқалуда. 




Көрілген: 1807    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.04.2020, 08:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31