Шартарап

Коронавирусты жасаған біз емес: Ухан вирусология институты

  • Коронавирусты жасаған біз емес: Ухан вирусология институты

    Коронавирусты жасаған біз емес: Ухан вирусология институты

Ухан вирусология институты ешқашан коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған. Бұл туралы Ухан ұлттық биологиялық қауіпсіздік зертханасының директоры, институттың ғылыми қызметкері Юань Чжимин мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін Ухан вирусология институты COVID-19-ды зерттемеген. Ухан вирусология институты ешқашан коронавирусты синтездемеген, оны жасанды жолмен шығарып, таратпаған. Үшіншіден, институттың бірде-бір қызметкері мен студенті осы күнге дейін COVID-19 жұқтырмады", - деді Юань Чжимин брифингте. 

 
Ол бүгінде вирустың қолдан жасалып не зертханадан тарағанына қатысты бірде-бір дәлел жоғын атап өтті. 

"Ғалымдар арасында COVID-19 жасанды жолмен жасалған деген консенсус бар. Сарапшылар бүгінде вирустың жасанды жолмен өндіріліп не зертханадан тарағанына қатысты дәлел жоқ екені туралы мәлімдемелер жасады", - дейді Юань Чжимин. 

Еске салайық, коронавирус тарай бастағаннан бері түрлі БАҚ-та вирус Ухандағы вирусология институтынан тарап кеткен болуы мүмкін екені туралы жазылған болатын. Биыл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары Ухан вирусология институтына барып, зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын.  




Көрілген: 667    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.07.2021, 11:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30