Коронавирусты толық жеңген ел белгілі болды
Тәжікстан коронавирусты толық жеңді. Бұл туралы Тәжікстанның президенті Эмомали Рахмон парламенке жыл сайынғы үндеуінде айтты, деп хабарлады РИА Новости.
«Тәжікстанда қазір коронавирус жоқ, оны толық жойдық», &ndash деді мемлекет басшысы.
Бұл ретте Тәжікстанның президенті барлық тұрғындар қауіпсіздік шараларын сақтауы керектігін айтты.
«Сонда да бізге арқаны кеңге салып, жеке және қоғамдық тазалық ережелерін ұмытуға болмайды. Коронавируспен күрес кезінде ауруханаларда пациенттерге 7 мыңнан астам жаңа орын жасақталды, оларға 5400 медицина қызметкері қызмет көрсетті», &ndash деді мемлекет басшысы.