Шартарап

Коронавирустың екі бірдей штамын жұқтырған әйел қайтыс болды

  • Коронавирустың екі бірдей штамын жұқтырған әйел қайтыс болды

    Коронавирустың екі бірдей штамын жұқтырған әйел қайтыс болды

Ғалымдарға коронавирус мутациясының бірнеше түрін бір уақытта жұқтыру феноменін зерттеуге тура келеді, деп хабарлайды NEGE.

Бір уақытта коронавирустың «британдық» және «оңтүстікафрикалық» штамын жұқтырған белгиялық әйел көз жұмды, деп хабарлайды Франс Пресс агенттігі.

Ол бірнеше мәрте құлағандықтан, биыл наурыз айында ауруханаға түскен. Сол күні коронавирус инфекциясы диагнозы қойылды. Оның жағдайды күрт нашарлап кетті. Небәрі бес күннен соң қайтыс болды.  

90 жастағы қария бұған дейін вакцина салдырмаған.

Медицина қызметкерлері ол «альфа» (коронавирустың «британдық» түрі) және «бета» («оңтүстікафрикалық» түрі) штамын жұқтырғанын анықтады.
Қария вирустың екі түрін екі адамнан жұқтыруы ықтимал. Ол кезде Бельгияда осы екі штамм да таралған еді, – деді молекулярлық биолог Анна Ванкирберген.

Оның айтуынша, науқастың жағдайы жылдам нашарлауы вирустың екі түрі бірге болуымен байланысты. Ванкирберген бұл феноменге тиісті деңгейде көңіл бөлінбей отырғанын атап өтті.

Бұл тақырыпта биологтың жетекшілігімен жасалған зерттеу Клиникалық микробиология және жұқпалы аурулар еуропалық конгресі (ECCMID) кезінде ұсынылады.

 
BAQ.KZ




Көрілген: 1021    Пікірлер: 0

сейсенбі, 13.07.2021, 08:29

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 12:32
    Әлемде эпидахуал қандай?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30