Шартарап

Коронавирустың жаңа түрі Еуропаның 22 елінде табылды – ДДСҰ

  • Коронавирустың жаңа түрі Еуропаның 22 елінде табылды – ДДСҰ

    Коронавирустың жаңа түрі Еуропаның 22 елінде табылды – ДДСҰ

Коронавирустың жаңа мутациясы -  SARS-CoV-2 желтоқсан айының ортасында Ұлыбританияда табылған болатын
Коронавирустың жаңа штаммы Еуропаның 22 елінде табылды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа өңірлік бюросының басшысы Ханс Клюге мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Барлық вирус сияқты COVID-19 да уақыт өте өзгерді. SARS-CoV-2 (VOC) түрінің адам денсаулығына әсері қандай деген сұрақ бәрін мазалайтынын түсінемін. Вирустың бұл штаммы Еуропа өңірінің жиырма екі елінде  анықталды", - деді Клюге онлайн брифинг барысында.
Ол коронавирустың жаңа штаммы өте жылдам таралатынын және барлық жастағы адамдарға жұғатынын атап өтті. Бірақ, айтуынша, жаңа мутация балалар үшін аса қауіпті емес.

Желтоқсан айының ортасында Ұлыбританияда коронавирустың жаңа мутациясы -  SARS-CoV-2  табылғаны хабарланған болатын.

Кейінірек Британияның жаңа респираторлық вирустық қатерлер жөніндегі консультациялық кеңесі елде анықталған штамм өте жұқпалы екенін растады және халықты сақ болуға шақырды. Вирустың жаңа түрі жылдам таралса да, өлім-жітім немесе ауыру дәрежесі жағынан қауіптірек екені айтылмайды.
 
 




Көрілген: 348    Пікірлер: 0

жұма, 08.01.2021, 11:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28