Шартарап

Көршінің баласын алдап, пәтеріне кіргізіп алған: қаскөйге сот үкімі шықты

  • © Sputnik / Владислав Воднев

    © Sputnik / Владислав Воднев

Ресейдің Курск облысында жеті жасар баланы зорлап, артынан өлтірген қаскөйге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Life.ru.


Аса ауыр қылмыс жасаған 39 жастағы ер адам 23 жылға сотталды. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді.


Іс материалдары сәйкес, Курск облысының тұрғыны Виталий Пащевский өткен жылдың қазанында лифтінің жанында көршінің баласын кездестіріп қалады. Оны алдап пәтеріне кіргізіп, зорлайды да, артынан пышақтап өлтіреді.


Қылмыс ізін жасыру үшін қаскөй ер баланың денесін қаланың маңына шығарып, саяжайынан алыс емес жерде көміп тастаған.



Бұдан бөлек, ол кәмелеттік жасқа толмағандардың суреті пайдаланылған порнографияны дайындап, таратқаны үшін сотталды.


Басылымның атап өтуінше, тергеу абақтысында отырған уақытта Пащевский бүкірейіп, арықтап қалған. Сот отырысында ол бетін камерадан мейлінше жасырмақ болыпты.



 sputnik




Көрілген: 633    Пікірлер: 0

жексенбі, 15.09.2019, 15:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31