Шартарап

Қос ғашықты тірідей өртеген...

  • CC0 / Pavlofox

    CC0 / Pavlofox

Башқұртстанның Жоғарғы соты екі адамның өліміне қатысты іс бойынша үкім шығарды. Өрт қоюшы Константин Вавилов 17 жылға бас бостандығынан айырылды.


Башқұртстан тұрғыны қос ғашықты тірідей өртеп жіберді. Трагедия 7 наурыз күні түнде Уфадағы көпқабатты үйлердің бірінде болған.


Ғашықтар бір түнге пәтер жалдаған. 36 жастағы әйел мен 49 жастағы ер адам пәтер иесімен бірге арақ ішіп, есірткі тұтынған. Қонақтар оңаша қалуды жөн көріп, асүйдің есігін диванмен тіреп қояды. Таңертең Вавилов тағы да есірткі тұтыну үшін асүйге кірмек болыпты. Дегенмен "квартиранттар" оны ішкі кіргізбейді, содан қатты ашуланған пәтер қожайыны асүйдің есігіне бензин шашып, от қойған, деп хабарлады РИА Новости.


Вавилов сыртқы есікті жауып, пәтерден жүгіріп шыққан. Ер адам сол жерде иіс тиіп көз жұмды, ал әйел әрең дегенде сыртқа шыққан, дегенмен ол қатты күйіктен 20 күннен кейін ауруханада көз жұмды.


Ресей тергеу комитетінің мәліметінше, әйел өлер алдында тергеушілерге түсінік беріп үлгерген.


Қылмыскер жауап алу кезінде пәтер өртенген кезде дүкенге шығып кетіп едім деп өтірік айтқан.


Вавилов бұған дейін ұрлық жасағаны үшін сотталғаны анықталды, жазасының бір бөлігін өтеп болмаған, ол пробациялық бақылауда жүрген. Осы жағдай ескеріле отырып Вавилов 17 жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түрмеде өтейді.


 Sputnik




Көрілген: 694    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.07.2019, 10:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31