Шартарап

Көшеде ұрсысып қалған ерлі-зайыпты өз қызына қиянат жасады

  • CC0 / Tatlin

    CC0 / Tatlin

Қазан қаласында жергілікті тұрғындар түнде жол жиегінен бір жасар қызды тауып алды, деп хабарлайды kazanfirst.ru.


Кішкентай баланы жолда әке-шешесінің тастап кеткені анықталды. Қазан ішкі істер министрлігі басқармасының мәліметі бойынша отбасы көлікпен үйге қайтып келе жатқан. Жолда ерлі-зайыптылардың арасында ұрыс шығып, отағасы әйелі мен қызын түсіріп кетеді. Ол шешесі баласын алып, үйге жаяу жетеді деп ойлаған. Бірақ ер адам ойлағандай болмады: әйел қызын шөптің үстіне тастап, өзі басы ауған жаққа кетіп отырған.


Сәбиді сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілер көріп қалып, полиция шақырған. Дәрігерлер балаға ангина диагнозын қойып, ауруханаға алып кетеді.


27 жастағы отағасы тек түн ортасында ғана әйелі мен қызын іздей бастайды. Оларды тастап кеткен жерге қайтып келген ол полицейлердің үстінен түседі. Тек осыдан кейін ғана ер адам келіншегіне хабарласып, баланы жедел жәрдем алып кеткенін хабарлайды. Әйелдің қайда болғанын қазір тергеушілер анықтап жатыр. Қыздың ата-анасының үстінен іс қозғалып, тергеу комитетіне жіберілді.


Sputnik 




Көрілген: 618    Пікірлер: 0

сенбі, 27.07.2019, 20:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31