Шартарап

Кір жуам деп 26 млн доллардан айырылды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Лотерея билетін сатып алған әйел оны шалбарымен бірге кір жуғыш машинаға салып қойғанын айтты. Оның ұтысы 26 млн долларды құраушы еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ға сілтеме жасап.

 

Ол SuperLotto Plus лотереясының билетін қараша айында Лос-Анджелес қаласы маңындағы Норуолкта сатып алған. Оның билетті алған сәті дүкендегі бейнетаспаға түсіп қалған.

 

Кейін әйел дүкенге қайтып барып, болған оқиға туралы айтып берді. Дүкен қызметкері Эсперанса Эрнандес Калифорнияның Whittier Daily News басылымына әйелдің дүкенге сәрсенбі, 12 мамыр күні келіп, жүлделі билеттің иегері болғанын, алайда билетін байқамастан кір жуғыш машинаға салып жібергенін айтқанын хабарлады.

 

Жүлдені алудың шекті мерзімі бейсенбі күні, 13 мамырда біткен.

 

Бұл әйелден басқа жүлдегерлер болған жоқ.

 

«Егер лотерея жеңімпазы анықталмаса, ақша Калифорнияның мемлекеттік мектептері арасында үлестіріледі», делінген ұйымдастырушылардың мәлімдемесінде.

 

 

 




Көрілген: 500    Пікірлер: 0

сенбі, 15.05.2021, 18:33

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30