Кішкентай қыз удай мас анасын тұрғызбақ болды (видео)

02 қараша 2018, 18:11

Бішкек тұрғыны қоршаудың түбінде жатқан удай мас анасын тұрғызбақ болған 4-5 жастағы қызды видеоға түсіріп алды.

Видео авторының айтуынша, әйел алдымен балаға айқайлап, ұрып-соққан, - деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Менің әйелім жақындап барып еді, оған аузына келгенін айтып, балағаттады, біз үйге кетіп қалдық. 10 минуттан кейін қайта шығып, барлығын камераға түсірдім", — деп түсіндірді куәгер.

Видеодан масайған әйелдің жерден тұруға, тіпті сөйлеуге шамасы келмей жатқанын түсінуге болады. Жазба авторы қыздың аш және үсті-басы кір-қожалақ, киімі жыртық болғанын атап өтті.

Бішкектегі Бірінші мамыр ауданының ІІБ қызметкерлері аталған факті бойынша тексерісті бастағанын хабарлады. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері баланың тағдыры не болатынын кейінірек хабарлауға уәде берді.