Шартарап

Кішкентай қызды күштеп сүйген ер адам 12 жылға сотталды

  • Фото ашық дереккөзден

    Фото ашық дереккөзден

Ресейдің Чебоксары қаласында танымайтын кішкентай қызды ернінен сүйген ер адам сексуалдық сипаттағы әрекеті үшін айыпталып, сот үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды РИА Новости.

 

Бұған дейін бірнеше Telegram-арнада ер адамның бес жасар қызды ернінен сүйіп жатқан видеосы тараған болатын. Оны көпқабатты үйдің тұрғындары түсіріп алған. Кішкентай қыз бөтен адамды итеріп, құшағынан шығып кетуге тырысқан.

 

Тергеу кезінде осы оқиғаның мән-жайы анықталды. 6 тамызда Чебоксары қаласының 44 жастағы тұрғыны мас күйінде үйіне қайтып келе жатқан. Ал кіреберістің алдында орындықта отырған кішкентай қызды көргеннен кейін жанына барып, сексуалдық сипаттағы әрекет жасады. Оның көршісі бәрін көріп, ішкі істер органдарына арыз түсірген.

 

Сол күні айыпталушы өз үйінде ұсталды. Сот санкциясымен оны бірден қамауға алған. Ал полиция қылмыстық іс қозғады.

 

"Айыпталушы өз кінәсін толығымен мойындады. Оған сот-психиатриялық сараптама жасалды. Оның ақыл-есі дұрыс болып шықты", - дейді тергеушілер.

 

44 жастағы ер адам жасаған әрекеті үшін 12 жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 

Жәбір көрген кішкентай қызға психологиялық-диагностикалық, сондай-ақ оңалту жағынан көмек көрсетілді.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 504    Пікірлер: 0

сейсенбі, 16.11.2021, 13:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31