Шартарап

"Құдай екенімді түсіндім": Қазандағы мектепке шабуыл жасаған адамның жауап алу кезіндегі алғашқы сөздері жарияланды

  • "Құдай екенімді түсіндім": Қазандағы мектепке шабуыл жасаған адамның жауап алу кезіндегі алғашқы сөздері жарияланды

Қазандағы Файзи көшесіндегі №175 гимназияға шабуыл жасаған 19 жастағы Ильназ Галявиев жауап алу кезінде неліктен қатыгез әрекетке барғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Галявиев екі ай бұрын өзінің Құдай екенін түсінгенін айтқан.
"Ал жазда менде құбыжық ояна бастады. Мен бәрін жек көре бастадым. Мен әрқашан бәрін жек көрдім және одан да жек көре түстім", — деді ол.

Сондай-ақ, Ильназ қорқынышты қылмыс жасауға ешкім итермелемегенін хабарлады.

"Маған ешкім айтқан жоқ, Мен өзім екі ай бұрын Құдай екенімді түсіндім. Мен мұны алғаш рет анама айттым. Менің анам жоқ, мен оны тек "сіз" деп атаймын. Ол менің анам емес. Менің ата-анам жоқ. . Менің анам жоқ, мен бәрінен бас тарттым. Мені дүниеге әкелген әйел - ана емес. Анам да, әкем де жоқ, мен оларды ешқашан олай атаған емеспін", — деп түйіндеді Галявиев.

Еске салайық, төтенше жағдай 11 мамыр күні таңертең қазандағы Файзи көшесіндегі №175 гимназияда болды. Екі жас жігіт мектепке шабуыл жасады: олар оқу орнына қарумен кіріп, атыс бастаған.

Соңғы мәліметтер бойынша, атыс кезінде мектепте жеті бала мен мұғалім қаза тауып, 20 адам жарақат алған.

12 мамыр Татарстанда аза тұту күні деп жарияланды. Ресей президенті Владимир Путин қаза болған балалардың ата-аналарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Мемлекет басшысы төтенше жағдайдан кейін де бірқатар тапсырма берді.




Көрілген: 3102    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.05.2021, 19:01

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30