Құдыққа түсіп кеткен баланы 5 күннен бері шығара алмай жатыр (видео)

05 ақпан 2022, 17:14

Құдыққа құлап кеткен бес жасар бүлдіршінді құтқарушылар бірнеше күн бойы шығара алмай әлек. Оқиға Мароккода болған, деп хабарлайды Экспресс К.

 

©AFP

 

Райан есімді бала тереңдігі 30 метр болатын құдыққа құлап кеткен. Бала тірі. Құтқарушылар оған оттегі беретін құрылғы, тамақ пен су түсіріп берген. Әзірге баланы көшкін салдарынан алып шығу мүмкін емес, — делінген хабарламада.