Шартарап

Құқық қорғаушылар Google мен Facebook-ке соғыс жариялады

  • © AFP 2019 / Damien Meyer

    © AFP 2019 / Damien Meyer

"Google мен Facebook компанияларының бизнес-модельдері адам құқықтарына қауіп төндіреді", деп жазды өзінің 60 беттік есебінде ең танымал құқық қорғаушы ұйым Amnesty International.

"Google мен Facebook платформалары қоғамға қауіпті. Бұл компаниялардың аңдуға негізделген бизнес-модельдері адамдарды "шайтанмен келісімге" келуге мәжбүрлейді. Яғни, адамдар желіде өз құқықтарын жүйеге бағыну арқылы ғана пайдалана алады", - деп есептен үзінді келтірді РИА Новости.

Ал бұл жүйенің өзі адам құқығын бұзып отыр. Бірінші кезекте, олар жеке өмірге қол сұқпаушылыққа қарсы шығады.

Осыдан басқа бірқатар құқық үшін үлкен қауіп төндіретін салдар пайда болады. Бұл құқықтар қатарында наным-сенім мен оларды білдіру бостандығы, ойлау еркіндігі және кемсітпеушілік құқығы да бар.

Бұған қоса, есепте Google мен Facebook өз қолданушыларына "тегін кіруге" мүмкіндік береді, бірақ бұның орнына "адамдардан жеке мәліметтер беруді талап етеді" делінген.

Есеп соңында мемлекет пен жекеменшік компанияларға кеңестер беріледі. Қысқаша айтқанда: құпиялықты құрметтеу керек, мемлекет өз азаматтарын қорғауы тиіс, саланың өзін-өзі реттеуі жұмыс істемейді, жекеменшік компанияларды қатаң түрде ретке келтіру қажет.

Сөз еркіндігіне мемлекеттік ықпалдың жасалуына әрдайым қарсы күресетін құқық қорғау ұйымының керісінше интернетті мемлекеттік реттеуді барынша күшейтуге шақырады.

Ол мемлекеттік сарапшылардың күшімен медиа платформалардың алгоритмдері мен кодын тұрақты түрде талдауға, ішкі саясаттарға аудит жасауға және тағы басқасына үндейді. Бұл таң қаларлық жайт.

Неліктен бұл коммерциялық емес ұйымның есебін талқылау керек? Amnesty International әрдайым америкалық арнайы қызметтердің идеологиялық құралы болды.

Бұған қоса, Greenpeace, WWF пен басқа "құқық қорғаушы" және "экологиялық" ұйымдар сияқты АҚШ-тың "жұмсақ күші" элементі болған.

Егер бұл ұйым АҚШ ішінде IT-саласының көшбасшыларымен қарсыласа бастаса, Facebook пен Google-ге тікелей шабуылдаса, бұл есеп берген ұйым басшысының көзі аяқ астынан ашылғаннан емес.

Сонда ол бірнеше жыл бұрын Сноуден мен "Викиликс" әшкереулерін оқымады ма? Әрине, оқыды.

Олар өз есебінің 24-ші бетінде Сноуденнің 2013 жылғы әшкереулеріне сілтеме жасайды. Бірақ қазір 2019 жылдың соңы. Олар бұрын қайда болды?

Әрине, FB, Instagram, Whatsapp, YouTube бүкіл әлемді бақылап отыр. Олар пайдаланушылар айналасында "ақпараттық көпіршік" жасап, аудитория назарын қолда ұстауда.

Бұл он жыл бұрын да белгілі болған. Сондай-ақ, олар АҚШ мемлекетінің қажеттілігі үшін аңдумен айналысады. Қажетті ақпаратты беріп те отырады.

Ал бізге АҚШ ықпалы жоқ "қолданушылар мәліметтері" мен "медиа платформалар міндеттері" туралы өз заңдарымыз қажет.

АҚШ-тың идеологиялық қарама-қайшылығы жалғасады деп күтуге болады. Және ол 2020 жылғы сайлауда шарықтау шегіне жетеді, одан кейін де ол ешқайда түбегейлі жоғалып кетпейді.

Ол мемлекетте екі жаққа, бүкіл ел бойынша қаққа бөліну байқалады. Amnesty International есебінде АҚШ-та бұл дау шешілмесе, бұл біз үшін жаман болады делінген.

 sputnik




Көрілген: 476    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 21:53

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31