Құлаған ғимараттың астында 80-ге жуық тұрғын болуы мүмкін

24 мамыр 2022, 08:14

Иранның оңтүстік-батысындағы Абадан қаласында 10 қабатты ғимарат қирады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рейтерс ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қайғылы оқиғадан 5 адам қаза тапты. Үйінділер астында тағы 80-ге жуық тұрғын болуы мүмкін. Жарақат алған 27 адам дәрігерлердің көмегіне жүгінді. Мамандар мерт болғандардың саны артуы мүмкін деп болжайды. Нысанның не себепті қирағаны әзірге хабарланбайды. Оны салған мердігер мен ғимарат иесі қамауға алынды.