Шартарап

Құлаған қабырға 16 адамды басып қалды

  • © NDTV

    © NDTV

Үндістанның Мумбай қаласы мен оған көршілес аудандарда толассыз жауған нөсер салдарынан сейсенбіге қараған түнде кем дегенде 16 адам қаза тапты. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады.


Онық ақпаратына қарағанда, Мумбайдың Малад Ист ауданының өзінде зәулім үйдің қабырғасы басып қалып, 13 адам қаза тапқан, тағы төртеуі зардап шеккен.


Құтқарушылардың айтуынша, тағы бірнеше адам үйінділердің астында қалуы мүмкін.


Көрші Тхана қаласында мектептің қабырғасы құлап, үш адамды мерт қылған, соның біреуі - кішкентай бала.


Өңірде муссон жауыны жексенбіден бері толастамай тұр. Көшелер өзенге айналып, көлік қозғалысын мүлде тоқтатып тастаған.


Мумбай билігі сейсенбі күні барлық мектептерді жауып, мекемелер үшін демалыс күні деп жариялады.


Синоптиктердің айтуынша, нөсер әзірге толастамақ емес.


ҚазАқпарат


 




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 10:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30