Шартарап

«Құрметті бандиттер, сіздерге аз уақыт беріледі!»: қылмыстық топтарға қатаң ультиматум қойылды (ВИДЕО)

  • «Құрметті бандиттер, сіздерге аз уақыт беріледі!»: қылмыстық топтарға қатаң ультиматум қойылды (ВИДЕО)

    «Құрметті бандиттер, сіздерге аз уақыт беріледі!»: қылмыстық топтарға қатаң ультиматум қойылды (ВИДЕО)

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) жаңа басшысы Қамшыбек Ташиев елдегі бандитизмге қарсы күрес қатаң түрде жалғасатынын мәлімдеді. Оның айтуынша, енді ешкім ешкімді «қорғамайды». Бұл туралы АКИргеѕѕ және 24.kg жазды, деп хабарлайды  Tengrinews.kz сайты.

«Енді ешкімді ешкім қорғамайды. Құрметті бизнес, өтініш көтеріліңіздер, бізге ақпарат беріңіздер. Біреу біреудің артын жапса немесе қысым жасаса, біз лауазымға қарамастан бәрін жазалаймыз. Егер Қамшы Көлбаев (қырғызстандық ұры) заң бұзса, ол жазаланады, түрмеге отырады», - деді Ташиев 16 қазанда Бішкекте өткен баспасөз мәслихатында.

Осыған байланысты ҰҚК басшысы қылмыстық топтарға үндеу жасады. «Құрметті бандиттер, сіздерге аз уақыт беріледі - заң бойынша өмір сүріңіздер, болмаса беріліңіздер немесе елден кетіңіздер. Біздің мемлекет бандиттік немесе сыбайлас жемқорлыққа толы болмайды. Бірде-бір қылмыс әлемінің серкесі екі-үш «Лексусқа» мініп, кортеж жасамауы керек. Енді бандиттер жасырынып, қашып жүреді. Бәрінің алдында ескертемін», - деді Ташиев.

Сондай-ақ, ҰҚК-нің жаңа басшысы шекарада контрабанда болмайды деп уәде берді. Оның айтуынша, Қырғызстандағы барлық келеңсіздік контрабанда мен сыбайлас жемқорлықтан шығады.




Көрілген: 2754    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 12:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31