Үндістанның Тамилнад штаты Коимбатур қаласында эстакада тұрғызып жатқан құрылысшылар ұйықтап жатқан ер адамды байқамай, үстіне топырақ төгіп жіберген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Болжам бойынша, оқиға 7 қараша, бейсенбі күні орын алған. Құрылысшылар салынып жатқан эстакаданың қасында ағаштар егу жоспарланған жерге топырақ төсеген. Ер адамның денесі екі күннен кейін топырақты тегістеу кезінде табылды.
Топырақтың астынан 40 жастағы ер адамның денесі табылды. Оның жанында алкогольді ішімдіктердің бөтелкелері жатқан. Қаза болған адамның аты-жөні әзірге анықталған жоқ.
Полиция қызметкерлері оқиға орын алған кезде ер адамның мас күйде болғанын болжауда. Тағы бір тергеу нұсқасы бойынша, оны бұған дейін өлтіріп, эстакаданың астына көміп тастаған.
Айта кетейік, бұдан бұрын Ресейдің Орынбор облысында "Саринский элеватор" АҚ аумағындағы қоймада шемішкі толы металл қорап ішінен 58 жастағы әйелдің мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.
Алдын ала деректерге қарағанда, жұмыс кезінде кәсіпорын қызметкерін дәндерді кептіруге шығаратын воронкаға тартып кеткен. Сөйтіп ол шемішке толы металл қорапқа құлаған. Нәтижесінде әйел адам ауа жетпегеннен тұншығып өлген.