Шартарап

Күйеу жігіттен жүкті екенін айтқан бойжеткен неке қию рәсімінде шу шығарды (виддео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Американың Мичиган штатындағы Детройт қаласында неке қию рәсімі кезінде қызықты жайт орын алған. Белгілі болғандай үйлену тойына күтпеген қонақ келіп, күйеу жігіттен жүкті болып қалғанын айтып, мерекенің шырқы бұзылған. Ал бұл сәт видеоға түсіп қалып, ТікТок желісінде жарияланған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

 

Неке қию рәсімі кезіндегі келеңсіз жайтты шақырылған қонақтардың бірі видеоға түсіріп алған. Кадрдан қос ғашықтың дін қызметкерінің сөзін тыңдап тұрғанын көруге болады. Дәл осы сәтте кенеттен ашуға булыққан әйел адам пайда болып, неке қию рәсімін тоқтатуға тырысқан. Ол күйеу жігітке:

 

"Энтони! Мені танымайтындай кейіп танытып тұрсың ба? Бүгін жүйкеге арналған дәріңді қабылдауды ұмытып кеттің бе?", - деп айқайлады.

 

Десе де, дін қызметкері қонақтың сөзін елемей, қалыңдық пен күйеу жігіттің некесін қиюды жалғастырады. Осы кезде келіншек қайтадан:

 

"Энтони, мені естіп тұрғаныңды білемін! Мен жүктімін", - дейді.

 

Мұны естіген қалыңдық қолында тұрған гүл шоғын әйел адамға қарай лақтырып жіберіп:

 

"Менің анамның тойынан кеткенің жөн болар. Сенің есің дұрыс па?", - дейді ару.

 

Видео бойжеткеннің келіншекке қарай кетіп бара жатқан жерінен үзіліп қалды.

 

TikTok желісінде жарияланған видео 10 миллионға жуық қаралым мен 1,8 миллионнан астам лүпіл жинаған. Тіпті желі қолданушылары ең қызықты жерін түсірмеген операторға назын айтқан.

 

"Оператор, сен жұмысыңды дұрыс атқара алмапсың. Ең қызықты жерін түсірмегенің қалай?", - деп жазды олар.

 

Желідегілердің арасында тойдың немен аяқталғанын білгісі келген жандар да табылды. Олар видеоның жалғасын көргісі келетінін жеткізген.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 1160    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.08.2020, 14:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31