Күйеуін сатып, басқасын алатыны туралы хабарлама берген келіншек жаға ұстатты
Америкалық азаматша өзінің шалбарын құртып қойған күйеуін сатып жіберуді ұйғарыпты. Әйел адам мұндай хабарламаны әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай ер адам әйелінің тоқылған шалбарын жуған. Алайда киім балаға арналған киімнің өлшеміне дейін кішірейіп қалған екен.
Желіде пайда болған суретте ер адам ұялып тұрғандай бетін қолымен жауып тұр. Ал сурет астына жұбайы күйеуін 111 долларға сататынын жазған.
Ол сатылымнан түскен жарты ақшаға басқа шалбар сатып алуды жоспарлапты. Австралиялық Spell Designs брендінің шалбарлары 199 доллар (75 231,87 теңге) тұрады. Алайда қазіргі таңда олардың барлығы сатылып кеткен.
Дегенмен ер адамды сатып алар адам табылмады. Десе де желі қолданушылары әйелді қолдайтындарын айтты.
"Күйеуім қымбат жібектен тігілген жейдені кептіргішке салған соң, оған менің киімдерімді жууға тыйым салынған", "Меніңше, күйеуіңді сату қиынға соғатын сияқты", - деп жазды олар.
Алайда оқырмандар арасында ер адамды қолдағандар да табылды.
"Не дегенмен ол саған көмектеспек болды ғой", - деп пікір білдірді олар.