Шартарап

Күйеуіне ашуланған әйел қызын өлтірмек болды (видео)

  • © riafan.ru

    © riafan.ru

Ресейде әйел туған қызының тамағына пышақ кезенді.


Клин қаласының тұрғыны бұрынғы күйеуін "егер отбасыңа келмесең, балаларыңды өлтіремін" деп қорқытқан.


Екі қыздың әкесінің айтуынша, бұрынғы әйелімен ажырасқан соң, қыздары туған анасымен қалған. Әкесі қыздарына жиі барып тұрыпты, деп хабарлады life.ru порталы.


Осындай кездесулердің бірінде Маргарита қызының бірінің мойнына пышақ кезеп, күйеуіне "оларды өлтіремін" деп сес көрсеткен.


"Қазір баланы өлтіремін. Неге тұрсың? Ер жігіт қашқанның орнына баласын қорғамай ма?", - дейді әйел әлеуметтік желіде тараған видеода.


Сонымен қатар ол бұрынғы күйеуінің қызметтік көлігіне зақым келтірген. Жігіттің айтуынша, бұрынғы әйелі мас болған, бұрын ешқашан мұндай қадамға бармаған.


Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты Ресейдің ішкі істер министрлігі Мәскеу облысы бойынша бас басқармасы тергеуді бастады.


Кейін ашуға ерік берген әйел мұндай қадамға бұрынғы күйеуін қайтару үшін барғанын мәлімдеді. Сонымен қатар Маргарита отбасындағы ұрыс-керістен жүйкесі сыр бергенін де мойындады.



Sputnik


 




Көрілген: 662    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.04.2019, 12:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    8 Мамыр, 12:15
    Үйдің құны - 428 теңге

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31