Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Күйеуінің мәйітін бөлшектеп тастаған әйел ұсталды

30 шілде 2020, 15:27

Санкт-Петербургтағы пәтерлердің бірінде украиналық рэпер Энди Картрайттың мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Neva.Today интернет газетіне сілтеме жасап.

 

Алдын ала мәліметке сәйкес, Versus Battle бағдарламасының қатысушысы Энди Картрайт төрт күн бұрын есірткіні шектен тыс пайдалану салдарынан қайтыс болған. Оның бөлшектенген мейіті Невск даңғылында орналасқан пәтердің тоңазытқышынан табылған.

 

Энди Картрайттың мейітін бөлшектеп тастады деген күдікпен оның әйелі қамауға алынды. Полицияға түсінік берген әйелі күйеуінің есірткіден қайтыс болғанын айтқан. Ол жұбайының өлімін қаламаған. Тек оның мәйітін жасырмақ болған.

 

Пәтерде полиция пышақ, балға, қол ара, тегене мен тақтаны тәркілеген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралып жатыр.