Шартарап

"Қылмыс әлемінің серкесі" Қамшы Көлбаев құрықталды

  • © Zakon.kz

    © Zakon.kz

Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті қылмыс әлемінің дөкейі Қамшы Көлбаевты ұстады.

 

Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

 

"Қылмыстық топ құру немесе соған қатысу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Хабарларға қарағанда, 22 қазанда Көлбаевты ҰҚМК-нің бас тергеу басқармасына жеткізген.

 

Бұның алдында әлеуметтік желілерде Көлбаевты 22 қазанда Бішкектегі спорт клубтарының бірінде ұстағаны туралы мәлімет тараған.

 

16 қазанда ҰҚМК төрағасы болып тағайындалған Қамшыбек Ташиев қылмыстық әрекеті дәлелденсе, Көлбаевты жауапқа тартатынын мәлімдеген.

 

Қамшы Көлбаев ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісі ретінде ішкі істер министрлігінің тізіміне алынған. Министрлік мәліметі бойынша, 2018 жылы Көлбаев тобында 424 адам болған.

 

2012 жылы АҚШ президенті Барак Обама Көлбаевты жеті ірі есірткі бароны ретінде "қара тізімге" қосты. АҚШ мемлекеттік департаменті Көлбаевтың "қаржы механизмін бұзуға" септігі тиетін ақпарат үшін бір миллион доллар сыйақы тағайындаған.

 

Дерек көзі: Zakon.kz




Көрілген: 3614    Пікірлер: 0

жұма, 23.10.2020, 08:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30