Шартарап

Қылмыс әлемінің серкесін босатқаны: Атамбаев 15 жылға сотталуы мүмкін

  • https://www.centralasian.org/

    https://www.centralasian.org/

Бішкектің Бірінші май аудандық сотында қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаевты заңсыз босату ісі қаралып жатыр.

 

Елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтың адвокаты Замир Жоошевтың хабарлауынша, мемлекеттік айыптаушы экс-президентке 15 жыл түрме жазасын сұраған. Мұнан бөлек барлық мемлекеттік марапаттаудан айырып, дүние-мүлкін тәркілеуді сұраған.

 

Адвокаттың сөзінше, сот үкімі 18 маусымда жарияланбақ.

 

Батукаевты заңсыз босатты деген іс бойынша 19 адам жауап беріп жатыр. Оның ішінде 4 басты күдікті бар, солардың бірі - Алмазбек Атамбаев.

 

Қылмыс әлемінің белсендісі Азиз Батукаев 2013 жылы Нарын түрмесінен дәрігерлердің қатерлі ісік ауруымен ауырады деген анықтамасы бойынша мерзімінен бұрын бостандыққа шыққан. Сол күні ол Грозный (Шешенстан, Ресей) қаласына ұшып кеткен.

 

2019 жылы елдің ішкі істер министрлігі бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмысын бастаған. Басты айыпталушылар - елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев. Бұрынғы бас прокурор Индира Жолдубаева, Жазаларды атқару мемлекеттік қызметі төрағасының бұрынғы кеңесшісі Калыбек Качкыналиев пен Гематология орталығының бұрынғы директоры Абдухалим Раимжанов.

 

centralasian.org




Көрілген: 497    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.06.2020, 08:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31