Шартарап

Қылмыстық топ құрған әйел қолға түсті

  • https://sport24.ru/

    https://sport24.ru/

Ол аптаға созылған «Іздеу» мемлекетаралық операциясы кезінде Ресейдің Челябі қаласында ұсталған, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

"Іздеу" мемлекетаралық операциясына ТМД елдеріндегі әріптестерімен бірге қостанайлық полицейлер де қатысқан.

 

Облыстық Полиция департаменті бастығының баспасөз хатшысы Ирина Беженарь мәлімдегендей, 7 күн ішінде тәртіп сақшылары ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 17 қылмыскерді анықтап, қолға түсірген. Олардың көбі — есірткі саудасына, сондай-ақ адам зорлау дерегіне қатысы бар күдіктілер. Араларында бірнеше жыл іздеуде болған азаматтар да бар. Мәселен, қостанайлық полицейлер 2013 жылдан бері ойын бизнесін ұйымдастырып, қылмыстық топ құрған және оны басқарған әйелдің дерегін біле алмай келген еді.

 

Челябі облысында қылмыстық іске айыпты саналған 40 жастағы әйел ұсталды. Қазіргі уақытта ол Челябі уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр, — дейді Ирина Беженарь.

 

Мұның сыртында, осы кезге дейін іздеу салынған, із-түссіз жоғалып кеткен тағы 5 азаматтың түр-тұлғасы анықталды. Олар Қостанай облысы аумағынан табылды. Өкінішке қарай, бәрі бірдей тірі емес.

 

 

 




Көрілген: 1210    Пікірлер: 0

жұма, 08.10.2021, 18:43

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30