Шартарап

Қырғыз арнайы қызметі Бакиев жайлы фильмнен соң БАҚ-қа ескерту жасады

  • azattyq.org

    azattyq.org

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) бұрынғы президент Құрманбек Бакиевтің қызметі жайлы елдегі кейбір телеарналар көрсеткен фильмге байланысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз қызметі.


Комитеттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада мұндай іс-әрекеттерге жол беруге болмайтыны туралы ескерту айтылған.


"Бұл жарияланым мен телевизиялық материалдар авторлары өз ісі мен оның салдарын толық түсініп тұрған жоқ. Осыған байланысты комитеттің авторға қоғамда шиеленіс тудыруы ықтимал әрекеттерге жол беруге болмайтыны туралы ескерту жасауға құқығы бар" делінген хабарламада.


МҰҚК бұған дейін Құрманбек Бакиев пен оның туыстарына ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған деген айыптар тағылып, сот үкімі шыққанын еске салған. Қазір айыпталушылардың барлығына іздеу жарияланған. Олардың арасында 2010 жылы 7 сәуірде болған оқиғаларға, кісі өлтіру, жемқорлық және рейдерлікке байланысты тағылған айыптар бар. Сот айыпты деп танығандардың барлығына іздеу жарияланған.


30 шілдеде Қырғызстандағы NewTV және NurTV телеарналары елдің бұрынғы президенті Құрманбек Бакиевтің қызметі туралы деректі фильм көрсеткен. Әлеуметтік желі қолданушылардың бір бөлігі оны "Бакиевті ақтауға тырысу" деп бағалаған. Бұған дейін Азаттықтың Қырғыз қызметіне бұрынғы президенттің туыстары 1 тамызда 70 жасқа толатын Құрманбек Бакиевтің мерейтойы құрметіне деректі фильм әзірленіп жатқаны жайлы айтқан еді.


Қырғызстанда 2010 жылы 7 сәуірде жаппай наразылық кезінде тұрғындар президент Құрманбек Бакиевті елде отбасылық-кландық басқару орнатты деп айыптап, қызметінен тайдырған. Халық толқуынан сескенген Бакиев сол кездегі Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұйрығымен өзін әкетуге келген ұшаққа мініп, шетелге қашқан.


Қырғызстан соты Құрманбек Бакиевті 2010 жылғы сәуір оқиғасы кезінде құрбан болғандардың қазасына айыпты деп танып, оны 30 жылға бас бостандығынан айыру туралы сырттай үкім шығарған. Сәуір оқиғасы кезінде кемінде 87 адам қаза тауып, ондаған азамат жараланған.


Бакиев қазір Беларусьте тұрып жатыр. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамайды. 


www.azattyq.org/




Көрілген: 424    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 31.07.2019, 17:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30