Шартарап

Қырғыз Республикасы Қордайдағы жаппай төбелеске байланысты шара қолданды

  • Қырғыз Республикасы Қордайдағы жаппай төбелеске байланысты шара қолданды

    Қырғыз Республикасы Қордайдағы жаппай төбелеске байланысты шара қолданды

 Қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан қырғыз шекарашылары қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды, деп хабарлады Қырғыз Республикасы мемлекеттік шекара қызметінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қазақстанның Жамбыл облысындағы Сортөбе және Масанчи ауылдарында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалып, жаппай төбелес болғанын хабарлаған едік. Бұл ауылдар Қырғыз Республикасының Шу облысындағы Тоқмақ қаласына жақын орналасқан. Қазақстан президенті жанжалды арандатушылар өз пайдасына қолданбақ болғанын атап өтті, деп жазды Sputnik Қырғызстан.

Қырғыз Республкасы мемлекеттік шекара қызметінің (МШҚ) баспасөз қызметі шекараның қазақ-қырғыз бөлігіндегі жағдай тұрақты екенін хабарлады.

«Шу облысының аумағымен шектесетін Қазақстанның Жамбыл облысының Қордай ауданында жағдайдың ушығуына байланысты шекарада орналасқан өткізу пункттері мен МШҚ бөлімшелері қызмет атқарудың күшейтілген түріне ауыстырылды», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Жамбыл облысының Қордай ауданында жергілікті тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Өңірлік полиция департаменті жағдайдың бақылауға алынғанын хабарлады.

Тергеу басқармасында Қылмыстық кодекстің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Төбелес қатысушылары анықталып жатыр.

Құқық қорғау органдары тек ресми ақпаратқа сеніп, жалған хабар таратпауға шақырды.

Сондай-ақ, полиция әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

aikyn.kz




Көрілген: 330    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.02.2020, 13:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30