Шартарап

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да шиеленісе түсті

  • Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да шиеленісе түсті

    Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тағы да шиеленісе түсті

Қырғыз-тәжік шекарасының бір бөлігінде жағдай қайта ушығып тұр. Бұл туралы Қырғызстан ҰҚК Шекара қызметі мәлімдеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Тәжікстан 4 маусымда сағат 03.00-де Қырғызстан аумағына, Чон-Алай ауданының Унжу-Бұлақ елді мекенінде контейнер орната бастағаны хабарланды. Сағат 06.00-де тәжікстандықтар орнатылған контейнерден 600 метрге аулақ кетті.

"Тәжік тарапынан әскери қызметшілердің жеке құрамының автомобиль және жеңіл құрышпен қапталған техникамен жиналғаны байқалады. ҰҚК Шекара қызметі жанжалдың ушығуына жол бермеу мақсатында барлық шараны қабылдайды. Алайда ТР шекара өкілдері телефон қоңырауларына жауап бермей жатыр. Қырғыз-тәжік шекара учаскесінде орналасқан Қырғыз Республикасының Шекара қызметі бөлімшелері қызмет өткерудің күшейтілген режиміне көшті", - деп хабарлады Шекара қызметі өкілдері.
 
Еске салайық, 29 сәуірде қырғыз-тәжік шекарасында Қырғызстан мен Тәжікстанның шекара қызметтері арасында қарулы қақтығыс болды. Түрлі есептер бойынша, зардап шеккендердің жалпы саны 134 адамнан асты, оның ішінде қырғызстандықтар арасында 13 адам және Тәжікстан тарапынан 10 адам қайтыс болды. 

Қақтығыс салдарынан тұрғын үйлер мен мектептер қирады. Артынша кеше, 29 сәуірде кешкі уақытта екі ел атысты тоқтату туралы шешімге келген.  




Көрілген: 2113    Пікірлер: 0

жұма, 04.06.2021, 10:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31