Шартарап

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: Бішкекте митинг өтіп жатыр

  • Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: Бішкекте митинг өтіп жатыр

    Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс: Бішкекте митинг өтіп жатыр

Бішкекте үкімет ғимаратының маңында қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдайға байланысты митинг басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта Ескі алаңға 500-ге жуық адам жиналды. Оларға Үкімет аппаратының басшысы Жеңісбек Асанқұлов шықты.

"Қазір төрт автобус келіп, барлығы әскери комиссариатқа бара алады, сол жерде тізім жасаймыз", - деді ол.
 
 Еске салайық, қырғыз-тәжік шекарасында екі елдің әскери қызметшілері арасында қарулы қақтығыс әлі де жалғасып жатыр. Шекарадағы кезекті қақтығыс 28 сәуірде Баткен ауданының Көк-Таш ауылындағы "Головный" су тарату пунктінің ауданында басталды. Тараптар бір-бірін таспен лақтыра бастады. Кейін атыс болды. 154 адам медициналық көмекке жүгінді, 33 адам қаза тапты, олардың арасында бала да бар.

Бұған дейін 1 мамырда таңертең қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақты екені хабарланған болатын. Өткен түнде атыс болған жоқ. Бірақ кейін шекарасындағы жағдай қайта шиеленісе түсті. Қырғызстан МҰҚК Шекара қызметінің мәліметінше, Баткен облысының Арқа жерінде тәжік әскери қызметшілері қырғыз азаматтарының тұрғын үйлеріне оқ жаудырды. 




Көрілген: 1146    Пікірлер: 0

жексенбі, 02.05.2021, 01:57

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30