Шартарап

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан жарақат алғандар саны 200-ден асты

  • https://kaztag.kz/

    https://kaztag.kz/

Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан жарақат алғандар саны 200 адамнан асты. Бұл туралы Қырғызстанның ақпарат құралдары хабарлады.

 

Сондай-ақ Қырғыз елінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет тәжіктердің Баткен ауданындағы шекара бекетін басып алғанын және Лейлек ауданындағы ауыл басшысын ұрлағанын жоққа шығарды.

 

Бұған дейін тараған ақпарат жалған болып шықты. Бүгін қайта жанданған атыс тоқтатылып, екі елдің әскер күштері қақтығыс аумағынан әкетілген.

 

Қырғызстанның «24 Ки-Джи» ақпарат порталының мәліметіне қарағанда, бүгінгі атыс Арка, Доштык және Жаштык ауылдарында болған. Баткен ауданының Көк-Таш ауылында 17 үй отқа оранған. Бұдан басқа, қырғыз әскерінің 3 сарбазының қаза тапқаны және 20 жауынгердің жараланғаны белгілі болды. 2 сарбаз ауыр халде жатқан көрінеді. Жалпы қақтығыстардан 200-ден астам адам жарақат алған.

 

Қазір Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрі Баткенге бара жатыр.

 

Еске сала кетейік, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қарулы қақтығыс 28 сәуірде Баткен ауданының Көк-Таш ауылында суды бөлу бекетінде басталған. Жергілікті тұрғындар тәжік сарбаздарынан бекеттегі бейнебақылау камерасын алып тастауды талап еткен.

 

Ализа Солтонбекова, еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі:

 

- Өкінішке қарай, жарақат алғандардың 13-і қаза тапты. Арасында 2008 жылғы бала да бар. Жарақаттар әртүрлі. Оқ тиген, сынықтар тиген, жабық сипатта басы жарылған, миы шайқалған. Оларға қажетті медициналық жедел жәрдем көрсетіліп жатыр. Кеше түнде зардап шеккен 25 адам арнайы ұшақпен Баткеннен Бішкекке жеткізілді.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 792    Пікірлер: 0

жұма, 30.04.2021, 17:30

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30