Шартарап

Қырғыздарға тіл тигізген танымал ресейлік тележүргізуші мәлімдеме жасады

  • © Sputnik / Максим Блинов

    © Sputnik / Максим Блинов

Ресейлік тележүргізуші Андрей Малахов өз бағдарламасында қырғыздар туралы айтқан сөзінен кейін шыққан даудан соң мәлімдеме жасауға мәжбүр болды.


Мәлімдеме Starhit порталында жарияланды, Малахов осы сайттың бас редакторы.


Ол "жүргізушінің жеке пікірі демократиялық Қырғызстан халқы тарапынан осыншалық наразылық тудырады деп ойламағанын" жазған. Малаховтың айтуынша, бағдарлама ұжымының ішінде оннан астам ұлт өкілдері бар, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.


"Бағдарламаның бұл шығарылымында журналист ретіндегі менің міндетім қайғыдан қан жұтып отырған әйелді қорғап, оның ұлының өліміне не себеп болғанын анықтау болды. Заңбұзушылықтар, сондай-ақ қылмыскерлер мен зардап шеккендердің ұлты мен азаматтығы жоқ – заң алдында бәрі тең. Мен қырғыздарды сүйікті Шыңғыс Айтматовтың шығармалары мен мектеп оқулықтарындағы Семен Чуйковтың туындыларынан ғана емес, көптеген жеке кездесулерден білемін. Менің ойымша, мен журналистік жұмысымды істедім – Татьяна Маругова алғаш рет кінәлі адамның болмаса да, оның өкілінің өкініш сөздерін естіді. Енді мен де кейбір қырғыздардың сөзімді дұрыс түсінбегені үшін өкініш білдіремін. Мен бейбітшілік мен тату көршілікті, сондай-ақ әділдік пен сөз бостандығын қолдаймын", - деп мәлім етті жүргізуші.


Айта кетсек, "Россия 1" телеарнасындағы "Андрей Малахов. Прямой эфир" бағдарламасында қырғызстандық таксистің қатысуымен болған жол апаты талқыланған. Көлік пен мотоциклдің соқтығысуынан миллиардердің ұлы Александр Маругов қаза тапқан болатын.


Эфир кезінде Ресейдегі Қырғызстан елшілігінің өкілі мерт болған жігіттің анасынан таксистің әке-шешесі атынан кешірім сұрады. Бағдарлама барысында қонақтар мен жүргізуші Малахов жас жігіт тапсырыспен өлтірілді деген болжам айтты.


"Оған 100 мың доллар берсең болды. Бұл ақша оның отбасын, бүкіл ауылы мен туған-туыстарын бақытты қылады, өйткені олар 10 доллар жалақымен өмірінің соңына дейін осынша ақша таба алмайды", - деді Малахов.


Қырғыздар, оның ішінде танымал адамдар әлеуметтік желілерде жүргізушінің бұл сөзі намысқа тиетінін айтып, кешірім сұрауды талап етті. Қырғызстандағы Ресей елшілігі жанжалға қатысты пікір білдіріп, Малаховты айыптады. Бұдан бөлек, Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі елшілік өкілін шақырып, мемлекеттік телеарнада істейтін журналистің мәлімдемесі бойынша алаңдаушылығын жеткізген.


sputnik


 


 


 


 




 




Көрілген: 740    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 30.09.2019, 10:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31