Шартарап

Қырғыздың жаңа президенттің есімі белгілі болды

  • Қырғыздың жаңа президенттің есімі белгілі болды

    Қырғыздың жаңа президенттің есімі белгілі болды

Бішкектегі Ала-Тоо алаңында митинг әлі жалғасып қатыр. Жиналған халықтың алдында экс-депутат Садыр Жапаров сөйледі, деп хабарлайды dalanews.kz қырғыздың 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Садыр Жапаровты халық зор ықыласпен қабыл алды. Жапаров елдің болашағын қалай көретінін айтып, парламент бір палаталы болады деді.

Одан кейін мінберден Садыр Жапаровты президент етіп тағайындау туралы ұсыныстар айтылды.

2018 жылы 11 жылға сотталған экс-депутат Садыр Жапаров та демонстранттар тарапынан бостандыққа шықты.

Саясаткер бірден алаңға барып, митингке қатысушылар алдында сөз сөйледі. Ол өзін босатқандарға алғысын жеткізді.

&ldquoМен үш жарым жыл түрмеде отырдым. Сіздердің арқаңызда бостандыққа шықтым. Біз бір нәрсені еске сақтайық: қырғызбыз ба, орыспыз ба, өзбекпіз бе, бәріміз бір елде тұрып жатырмыз! Бәрін заң аясында шешейік. Қазір тарауымыз керек. Күшпен ештеңе шешпейміз. Бәрібір заңсыз болады&rdquo, &ndash деді экс-депутат.

Айта кетсек, бүгін Бішкектегі ереуілшілер Ақ үй мен ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің ғимаратына басып кіріп, қамауда отырған бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты, экс-депутат Садыр Жапаровты және басқа да саяси тұтқындарды босатып алды.

Ал бас прокурор міндетін уақытша атқарушы болғанын жеткізген бұрынғы депутат Алмамбет Шыкмаматов Райымбек Матраимов, Искендер Матраимов және Тилек Матраимовтарды қамауға алу туралы санкция берілгенін хабарлады. Сонымен қатар, Жогорку Кенеш депутаттарының сайлауын бұрмалауға қатысы бар барлық тұлғалар қамауға алынады, деді ол.

Алғашқы кадрлық тағайындаулар бойынша: ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті басшысы міндетін атқарушы Омурбек Суваналиев, Бішкек коменданты &ndash Курсан Асанов.

dalanews.kz




Көрілген: 11164    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 16:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31