Шартарап

Қырғызстан азаматтары Қазақстанға заңсыз өтпек болды

  • Қырғызстан азаматтары Қазақстанға заңсыз өтпек болды

    Қырғызстан азаматтары Қазақстанға заңсыз өтпек болды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту әрекетінің жолын кесті.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 15 қазанда "Қарасу" өткізу пунктінде болған.

"Шекара жасағы "Мерседес-бенц" автомашинасын тексеру барысында салоннан төлқұжаттық бақылаудан жасырынған және шекараны тіркеусіз кесіп өтуге тырысқан Қырғыз Республикасының 6 азаматын тапты", - деп хабарлады ҰҚК.


Көлік жүргізушісі мен 6 азамат ұсталып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтуге әрекет жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

"Бұл жыл басынан бері қолданыстағы карантиндік шектеулер жағдайында шекара қызметінің әскери қызметшілері тоқтатқан шекараны заңсыз кесіп өтудің алғашқы әрекеті емес екенін атап өту керек", - делінген хабарламада.
Қалыптасқан жағдайды ескере отырып, шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзушыларды анықтау мақсатында бақылау іс-шараларын күшейтті.




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

сенбі, 17.10.2020, 18:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31