Қырғызстан қантты экспорттауға тыйым салды

01 маусым 2022, 11:09

Қаулы Қырғызстан аумағынан қантты жаппай экспорттау мүмкіндігін болдырмау үшін әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғыз Республикасының министрлер кабинеті елден түйіршіктелген қант пен шикі құрақ қантын алты ай мерзімге экспорттауға уақытша тыйым салды, деп хабарлайды 24.kg.

Мұндай шешім министрлер кабинетінің кезекті отырысында қабылданды.

Қаулы Қырғызстан аумағынан қантты жаппай экспорттау мүмкіндігін болдырмау, елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қант нарығындағы бағаны ұстау мақсатында әзірленген.
Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігі тыйым салуға бастамашы болған.